КММ « Белағаш орта мектебінің»
қашықтықтан білім беруде кәсіптік
бағдар беру туралы ақпарат.
Білім берудегі тәрбие жұмысының бағыттарының бірі кәсіби тәрбие. Өзін- өзі анықтаудың негізгі жұмысы- қазіргі жағдайда еңбек әрекетін таңдауға негізделген. Тәрбие жұмысының бұл бағыты мақсатты түрде 9, 11 сыныптарда жүзеге асырылады. 9- шы сынып оқушыларының әрі қарай оқу бағытын анықтау мақсатында қашықтықтан оқыту жағдайында сауалнамалар жүргізілді. 28- сәуірде 9,11 сыныптарда ата- аналар мен мұғалімдердің қатысуымен онлайн кездесу өтті. Қатысқандар: мектеп әкімшілігі, пән мұғалімдері, 9, 11 сыныптардың сынып жетекшілері және ата- аналары. Ата- аналар тұлғалық және кәсіптік бағдарлау түрінің сипаттамасымен танысты, мамандықтардың профильді түрлері қарастырылды. Мамандықтар нарығы туралы көбірек білуге мүмкіндік берді, сонымен қатар болашақ мамандықтарын анықтауға көмектесетін практикалық кеңестер берілді. 9, 11 сынып оқушылары үшін ссылкалар арқылы әртүрлі университеттер мен колледждерге экскурсиялар ұйымдастырылды. Іс- шара басында түлектер диплом алғаннан кейінгі көрсетілетін әлеуметтік жеңілдіктер, ұсынылатын жұмыс орындары туралы ақпарат алды.